Өзбекстаннан келген су Түркістан облысында қандай нысандарды бүлдірді

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендеріндегі шығын көлемі есептеліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендеріндегі шығын көлемі есептеліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ахуалға байланысты су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарын қолдауға арналған гуманитарлық акция бастады.

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлер кеңесі үндеу жариялады. Бұл үндеу облыс халқына, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге де арналған.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Түркістан облыстық мәслихатының және барлық аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына 18 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті.

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына сарыағаштықтар да алғашқылардың бірі боп жалпы құны 1 млн 735 мың теңгенің гуманитарлық көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түлік, ет, су, күріш,ұн, картоп, пияз, май,қанттан бөлек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар, балаларға қажетті канцелярлық тауарлар да бар.

Бұл игі іс "Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз!" акциясы аясында атқарылды. Аталған қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті.

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия тасқыннан келген шығын көлемін есептеуде. Билік басшылары тасқын су орын алған ауылдардың халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов тасқын су астында қалған ауылдардың тұрғындарымен жүздесті. Қауіпсіз аумаққа көшірілген халыққа Үкімет тарапынан нақты көмек көрсетілетінін атап көрсетті.

Түркістан облысының басшысы Үкімет сағатында Мақтааралға қатысты баяндама жасап, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ағымдағы жылдың 1 мамырында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды.