Түркістан облысында халықтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірнеше автовокзал жұмысын уақытша тоқтатты

Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық бағыттағы рейстің тең жартысы қысқартылып, өңірдегі бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Сайрам ауданындағы сақтық шаралары бүгін де қарқынды жалғасын тапты.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Әбіштің айтуынша, елдегі төтенше жағдай толықтай Президент бақылауында.

