Түркістан қаласының әкімі түнгі бақалау жұмыстарын жасады

 

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы қалаға түнгі бақылау жұмыстарын жасады. Алдымен, қоғамдық көліктердегі залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізіліп жатқандығын бақылап, оларға орнатылған GPS құрылғыларының жұмысын көрді.

Түркістандағы түйе сүтін өңдеуші зауыт 13 тонна құрғақ түйе сүтін экспорттады

   

Түркістан облысында түйе шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті артуда.Өткен жылы Түркістан қаласында іске қосылған «Golden Camel» зауыты алғашқы өнім жинағын Қытай еліне экспортқа жөнелтті.

Түркістан: Келес ауданында бетперде жетіспеушілігі туындамайды

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, Келес ауданында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша ұйымдастыру жұмыстары, алдын алу іс-шаралары қарастырылып, қызу жұмыстар атқарылуда.

Түркістан:Мақтааралда обсервациялық 100 төсек орын дайын

   

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай жариялаған күннен бастап Мақтаарал ауданында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы комиссия құрылып, коронавирустан сақтану шараларын бастап кетті.

Түркістан облысында 2 блок-пост жұмыс істеп тұр

 

Түркістан облысында коронавирустың таралуының алдын алу  бойынша жан-жақты шара көріліп жатыр. Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі ППБқызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде.

Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

 

ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды. Бұл қызметті полиция полковнигі Бауыржан Селтанов атқаратын болды.

Түркістан облысы Шолаққорған ауылы бір-екі жылда газбен қамтылады

  

Өткен жылы Түркістан облысының Созақ ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 100 млн. теңге қаржы қаралып, Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған елдімекеніне дейінгі магистральді газ құбыры мен АГТС құрылысы басталған болатын.