Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев «идеялы тұлғаларды жұмысқа тартыңдар» деді
Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі соңғы мәліметтер мен бұл тұста орын алған олқылықтар талқыланды. Мәжіліс отырысында Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндамасы жасады.