Шымкенттіктер "Таңдау" фильмін тамашалады
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ықыласпен қабылданды.
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ықыласпен қабылданды.
Шымкентте тұрғын үй қорын жаңарту-жақсарту, тозығы жеткен үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салу үшін реновация бағдарламасы жүзеге асуда.
Импорттық өнімге басымдық беріліп, отандық өнімге қолдау азайған. Шымкенттік кәсіпкерлер өңірге іс сапармен келген Қазақстан Республикасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкілі Қанат Нұровқа бизнесте орын алып жатқан проблемаларды жеткізді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының 2024 жылдың 10 айында атқарған жұмысының қорытындысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Шымкенттегі су сақтау қоймаларына жасалған зерделеу жұмыстарының қорытындысы әзір болды.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева «AMANAT» партиясының қалалық филиалында өткен жиында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 2024 жылдың басынан бері атқарылған жұмыстарды таныстырды.
WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС аймақтың бірегей туристік әлеуетін ұсынуда.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы баяндама жасап, бірқатар жетістіктер мен жобаларды таныстырды.
«TURAN» арнайы экономикалық аймағында бірқатар өнеркәсіп орындары өз жұмысын бастады. Түркістанды индустриялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға арналған ерекше алаңның инвестициялық портфельінде қазіргі таңда 550 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба бар. Олар еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, аймақтық экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Дәл осындай маңызды жобалардың бірқатары БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында таныстырылды.
Бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді.