Шымкент: Балмұздақтан зардап шеккен науқастар қарасы неге қалыңдап барады?
Өткен сенбі күні «Балмұздақтан келген кесел жеңіл-желпі ме?» (http://aq-qara.kz/densaulyk/item/508-balm-zdaktan-kelgen-kesel-zhe-il-zhelpi-me) деп мақала жазып едік. Онда Шымкенттегі сауда нүктелерінің бірінен сатылған балмұздақты жеп, ересегі бар, ересек емесі бар – бірқатар адамдардың уланып қалғанын, ал наурыздың 29-ынан бері облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастардың саны күрт артып жатқанын айтқанбыз. Сондай-ақ «Қаншалықты рас-өтірік екенін білмейміз, әйткенмен аталмыш медициналық мекеме маңайында туыстары үшін мазасыз күй кешіп жүрген жандардың сөзіне сенсек, бүгінгі таңда балмұздақтың кесірінен аурухана төсегіне таңылғандардың қарасы 100-ден асқан көрінеді» деп едік. Бірақ сол күні түсте www.24.kz сайтынан «Шымкентте балмұздақтан уланған адамдар саны 50-ге жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді» (http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/230661-shymkentte-balm-zda-tan-ulan-an-adam-50-ge-zhetti) деген ақпаратты көзіміз шалды. Сөйтсек, біздің алаңдайтынымыздай-ақ бар екен...
- Бөлім:  Денсаулық