Super User

Super User

Шардарада кәсіпкерлер «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көпбалалы анаға баспана сыйлады

  

Түркістан облысы Шардара ауданында көпбалалы анаға баспана тарту етілді. Бұған дейін баспана тауқыметін тартып келген Қарлығаш Манаповаға ел азаматтары үш бөлмелі үйдің кілтін табыс етті.

Биыл сарыағаштық шаруалар ағын судан тапшылық көрмейді

  Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейтін болады. Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы.

Түркістанда жаңа ауыз су жүйесі іске қосылады

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтеріп жатқан ғимараттарға сапалы ауыз су жеткізу мақсатында заманауи су қоры жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Ондағы барлық қондырғылар отандық өнімнен жасақталып жатыр. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа су жүйесінің құрылыс жұмыстарын бақылап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Жоспар бойынша жаңа су құбырының құрылысы алдағы маусым айында толығымен іске қосылуы тиіс.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен «Жеті ата» қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көшені зерттеу жұмыстары жүргізілуде

 

Ортағасырлық бас көшеде қолға алынған жұмысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Қазқайтажаңарту» мекемесінің археологиялық тобы жүргізуде.

Осы RSS каналға жазылу