Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Хабарламада білім саласының инфрақұрылымын шешу үшін былтыр 5 жылға жоспар дайындалып, сол бойынша жұмыс атқарылып жатқаны айтылады.
2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылады, оның 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, 40 мектепті жеке инвесторлар салады. Оның ішінде биыл 32 мектептің құрылысы басталады. Алдағы үш жылда Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешіледі.
Білім саласындағы тағы бір үлкен мәселе – қосымша біліммен қамту. Қала оқушыларының 16 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Бұл тұрғыда шаһар басшысы бұрынғы Фосфоршылар сарайын Жастар сарайына айналдырып, жаңадан заманауи Оқушылар сарайының құрылысын бастауды көздеп отырғанын айтты.
2025 жылға дейін қосымша біліммен қамту 55 пайызды құрамақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат