Super User

Super User

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы "Жасыл белдеу" аумағын аралады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан маңында қалыптасқан «Жасыл белдеу» аумағын аралап, қыста егілген ағаштардың көктегенін көріп шықты. Орман алқабында бірнеше тал егіп, көктемгі ағаш отырғызу науқанын ашып берді. Қала маңына егілген жасыл желектің аумағы 8 мың гектарға жуық алқапты алып жатыр. Алдағы уакытта оның көлемін екі есе арттыру көзделген.

Түркістандағы Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің маңызды объектісі - Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Биыл тарихи орынды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына ерікті жастар да атсалысады.

Мақтааралдық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламамен ірі қараны бордақылау ісін ұлғайтып отыр

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғыны Тыстыбай Срайлов мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін ұлғайтты. Ол 2013 жылы «Құдайберген» шаруа қожалығын құрып, ірі қараны бордақылау ісін қолға алған. Кәсіпкер шағын кәсібін ұлғайту үшін 2018 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында төмен пайызбен 29,4 млн. теңге несие алған. Бүгінде сол қаржының көмегімен мал басы санын 150-ге жетікізіп отыр.

Түркістан облысында 1300-ден астам жұмысшының 164 млн. теңге жалақы қарызы қайтарылды

Түркістан облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы өткен жыл қорытындысымен 11 кәсіпорын мен мекемелерде 1344 жұмысшы алдында 214,3 млн. теңге жалақы қарыздарын анықтады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8 кәсіпорында 164 млн. теңге жалақы қарыздары төленіп, 1 313 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

Осы RSS каналға жазылу