Super User

Super User

Түркістан: Сегіз қырлы сағанада қайта жаңарту жұмыстары жүруде

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сегіз қырлы сағанада қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 40 метр жерде орналасқан сағананы қайта жаңарту жұмыстарымен «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны айналысуда.

Түркістандағы Жүсіп ата кесенесінің маңайы абаттандырылып жатыр

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық — музейіне қарасты Жүсіп ата кесенесінде абаттандыру жұмыстары жүруде. Қорық-музей әкімшілігі және жергілікті кәсіпкерлердің бірлесуімен қолға алынған игілікті бастама аясында 700 дана раушан гүлі, 100 түп тұт және  40 дана боз арша ағаштарын егу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, келушілер үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында 10 дана орындықтар мен  22 жарық шамдарын орнатылады.

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы "Жасыл белдеу" аумағын аралады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан маңында қалыптасқан «Жасыл белдеу» аумағын аралап, қыста егілген ағаштардың көктегенін көріп шықты. Орман алқабында бірнеше тал егіп, көктемгі ағаш отырғызу науқанын ашып берді. Қала маңына егілген жасыл желектің аумағы 8 мың гектарға жуық алқапты алып жатыр. Алдағы уакытта оның көлемін екі есе арттыру көзделген.

Түркістандағы Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-музейінің маңызды объектісі - Күлтөбе қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды. Биыл тарихи орынды зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына ерікті жастар да атсалысады.

Осы RSS каналға жазылу