2021 жылы жалпы ауданы 77 356 шаршы метр 18 тұрғын үй (1087 пәтер) салынуда. Атап атқанда, «Damdes құрылыс invest» ЖШС - 6 үй (420 пәтер), «Элит Строй Company» ЖШС - 3 үй (364 пәтер), «Корпорация Ақ Ордасы» ЖШС - 8 үй (240 пәтер), «Adiya Group» ЖШС - 1 үйдің (63 пәтер) құрылысын жүргізуде.
2021 жылы 668 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұл – жалпы ауданы 44 160 шаршы метрді құрайтын 5 көп қабатты тұрғын үй кешені.
Сондай-ақ, ӘКК биыл 812 оқушыға арналған 2 мектеп құрылысын аяқтауды жоспарлауда. Сайрам тұрғын алабында 312 орындық мектеп және Құрсай шағынауданында 500 орындық бастауыш мектеп пайдалануға беріледі.
«AQ-QARA.KZ-ақпарат»