Таза қала – ортақ жауапкершілік
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және вандализмнің алдын алуға бағытталған кезекті акция ұйымдастырылды. Игі бастамаға қатысқан еріктілер Бауыржан Момышұлы ескерткішінің айналасын тазалап, қала келбетін көркейтуге өз үлестерін қосты.