Super User

Super User

Отырар ауданы: Темір ауылында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Темір ауылында аудан тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан – жаңа темір жол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Темір ауылының темір жол тарихы 1904 жылдан бастау алады. Сол кезеңде салынған алғашқы вокзал өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосса, бүгінде заман талабына сай бой көтерген жаңа вокзал халық игілігіне пайдалануға беріліп отыр.

Отырар: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы мониторинг жұмыстары жалғасуда

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау бағытындағы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Отырар: Темір ауылында ұзындығы 1295 метр болатын аяқжол құрылысы басталды

Отырар ауданының Темір ауылында елді мекеннің инженерлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Ауыл тұрғындарының аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының жеке қабылдауында көтерген өтініші қолдау тауып, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Темір ауылындағы Т.Ибрагимов көшесіне ұзындығы 1295 метр болатын жаңа аяқжол салу жұмыстары басталды.

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін Отырар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмысшы топ көшелерді аралап, тұрғындарға санитариялық тазалық талаптарын сақтау, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу, өздеріне тиесілі аумақтарды күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы RSS каналға жазылу