Түркістан облысында мектептерді жаңғырту, жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен білім беру нысандарының құрылысы, мектептерді жаңғырту, жазғы жөндеу жұмыстары және саладағы өзекті мәселелерге арналған мәжіліс өтті. Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов өңірдегі мектептердің жай-күйі, реновация бағдарламасының орындалуы, жөндеу жұмыстарының барысы және алдағы міндеттер туралы баяндама жасады.
- Бөлім:  Ғылым-білім
- 0