Super User

Super User

Жалпы қан анализінен нені білуге болады?

 

№5 Шымкент қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Айман Пашанова түсіндіреді.Денсаулық жағдайын бақылау үшін ең жиі тағайындалатын зерттеулердің бірі – жалпы қан анализі. Көптеген адамдар бұл талдауды тек ауру кезінде тапсырады деп ойлайды. Алайда жалпы қан анализі (ЖҚА) ағзадағы көптеген өзгерістер туралы маңызды ақпарат беретін қарапайым әрі қолжетімді зерттеу әдістерінің бірі болып табылады.

D және E санатындағы азаматтар МӘМС шеңберінде медициналық көмек ала ала ма?

№1 қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері Жанерке Оспанова түсіндіреді. Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеннен бері тұрғындар арасында медициналық көмекті алу тәртібіне қатысты түрлі сұрақтар жиі қойылады. Соның ішінде: «D және E санатындағы азаматтар МӘМС аясында ем ала ала ма?», «Олар қандай медициналық қызметтерді пайдаланады?», «Сақтандыру мәртебесі болмаса не істеу керек?» деген сауалдар көп кездеседі.

Онкологиялық скринингтен өту үшін сақтандырылған болу міндетті ме?

№10 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Жазира Сапарбаева түсіндіреді. Қатерлі ісік аурулары бүгінде әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Дегенмен, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау арқылы олардың көпшілігін тиімді емдеуге және асқынуының алдын алуға болады. Осы мақсатта елімізде онкологиялық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі.

Жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасын қалай алуға болады және оның шұғыл көмектен айырмашылығы неде?

Шымкент қаласының мамандары түсіндіреді. Денсаулыққа қатысты мәселелер туындағанда науқастардың көпшілігі: «Қай кезде жоспарлы түрде ауруханаға жату керек, ал қай кезде жедел жәрдем шақырған дұрыс?» деген сұраққа жауап іздейді. Бұл екі ұғым бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың мақсаты, рәсімдеу тәртібі және медициналық көмек көрсету мерзімі әртүрлі.

Осы RSS каналға жазылу