Super User

Super User

Шымкентте макулатураны қайта өңдеу және картон қаптама өндіретін зауыт ашылды

Биылғы Қала күні шымкенттіктер үшін көңіл көтеретін ән мен күй мерекесі ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын беретін жаңа жобалардың, кәсіпорындардың ашылуымен де есте қалғалы тұр. Бүгін Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «Shymkent Qagazy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макулатураны қайта өңдеу және картон қаптама өндіру зауыты салтанатты түрде іске қосылды. Бұл – мегаполистің өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына серпін беретін маңызды жоба.

Қала күні - Шымкенттің қарқынды дамуының көрінісі

Шымкентте Қала күні мерекесі кең көлемде аталып өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарына бірқатар жаңа әлеуметтік, мәдени және қоғамдық нысандар тарту етілді. Мерекелік іс-шаралар аясында шаһардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалар іске қосылып, тұрғындар үшін жаңа демалыс және мәдени кеңістіктер пайдалануға берілді.

Шымкентте ауқымды ірі экопарк ашылды

Қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен және мегаполис қонақтарымен бірге Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигоны аумағында орналасқан Экопарктің ашылуына қатысты.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Шымкенттегі саябақтың ашылуына қатысты

Шымкентте Қала күні мерекесіне  орай шаһардың байырғы демалыс орындарының бірі – «Қиял әлемі» саябағының орнында бой көтерген жаңа қоғамдық кеңістік – City Park салтанатты түрде ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Осы RSS каналға жазылу