Super User

Super User

Сауран ауданы Ескі Иқан ауылында шахмат және грек-рим күресінен облыстық жарыс өтті

Сауран ауданының құрылғанына 5 жыл толуына орай Ескі Иқан ауылдық округінде шахмат және грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық шараға Түркістан облысының әр өңірінен келген 200-ге жуық жас спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округінде жиһаз өндірісі жобасы жүзеге асырылуда

Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округінде жиһаз өндірісін дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайды. Өндіріс орны іске қосылған жағдайда 500 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Сауран ауданында футбол алаңшасы және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Түркістан облысында мектеп түлектеріне және жалпы қоғамдық қауіпсіздікке қатысты шаралар күшейтілмек

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, өзекті мәселелерге дер кезінде назар аудару, келеңсіз жайттардің алдын алу – қашанда басты назарда. Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде апталық штаб отырысын өткізді.

Осы RSS каналға жазылу