Баланың есту қабілетінің бұзылуын дер кезінде анықтаған жөн
Аудиологиялық скрининг жайлы естідіңіз бе? Бұл жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізілетін тексеріс түрі. Шымкент қалалық №2 емханасында скринингтің бұл түрін Роза Абдираймова 5 жылдан бері жүргізіп келеді. Медбике есту патологиясы баланың сөйлеу мен тіл дамуының кешігуіне, әлеуметтік, эмоционалдық және коммуникациялық дағдылардың қалыптасуының бұзылуына, когнитивті дамудың кешігуіне және төмендеуіне әкеледі дейді. Сондықтан да, ата-аналарды аудиологиялық скринингке бейжай қарамауға шақырады.