Super User

Super User

Түркістан облысы: Сайрам ауданында су үнемдеуге бағытталған жобалар жүзеге асуда

Суармалы алқаптарға ағын суды қажетті көлемде әрі белгіленген мерзімінде жеткізу – аудан үшін маңызды басымдықтардың бірі. Дегенмен, соңғы жылдары экологиялық-климаттық өзгерістердің әсерінен суармалы егістікке қажетті су көлемі азайып келеді. Атап айтқанда, ауданның негізгі су көздерінің бірі саналатын Ақсу өзенінен келетін табиғи су көлемі соңғы 5 жылда шамамен 40 пайызға төмендеген. Бұл жағдай әсіресе жаз айларында шаруаларға ағын су жеткізу мәселесін күрделендіріп, өнім көлеміне де әсерін тигізуде.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында халық игілігіне бағытталған жобалар жіті бақылауда

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан аумағындағы инфрақұрылым және ауыз су жүйелерінің жай-күйімен танысу мақсатында жұмыс сапарымен бірнеше елді мекенді аралады. Іссапар барысында аудан басшысы Абай–Ұйымшыл елді мекендері арасындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аударды.

Шардарада жүгеріні терең өңдейтін ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев индустриялық аймақта орналасқан «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгеріні терең өңдеу зауытының жұмысымен танысып, өндіріс орнын аралады. Кездесу барысында зауыттың атқарушы директоры Кияшбаев Руслан өндіріс барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді.

Түркістан облысы: Отырар ауданында халыққа құқықтық және қаржылық кеңес берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – елдің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Отырар ауданында тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған мазмұнды семинар-кездесу ұйымдастырылды.

Осы RSS каналға жазылу