Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын 4 зауыт орналасқан
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республика көлемінде стратегиялық маңызға ие. Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 13 пайызы осы өңірге тиесілі. Әсіресе, суармалы егіншіліктің үлесі жоғары – республикадағы суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі, яғни 554 мың гектардан астамы Түркістан облысында орналасқан. Бұл өңірдің аграрлық әлеуетін айқындайтын негізгі факторлардың бірі.