Шымкенттік медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғы тарту етілді

Шымкентте коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді. Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Шымкент: Тұрғындардың 87 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады. Бұл туралықала әкімінің баспасөз қызметіхабарлады

Шымкентте 2700-ден аса дәрігер алдыңғы шепте коронавируспен күресіп жатыр

Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2764 медицина қызметкері жұмыс істейді. Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Шымкентте коронавируске қарсы скринингтік тексеру жұмыстары жүргізілуде

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова қатысты.

Шымкентте COVID-19 инфекциясын анықтайтын зертхана тәулік бойы жұмыс істейді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық базасындағы зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда медицина мамандары 24 сағат бойы полимеразды тізбектік реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізеді. 

Шымкентте Конго, Қырым безгегінің алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізілуде

Шымкентте Конго, Қырым безгегі ауруларына қарсы іс-шаралары өтуде. Мамандар қала іргесіндегі елдімекендерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Олар түлік түлетіп отырған шаруалардың қора-қопсысын түгел тазалауды қолға алды.