Шымкентте екі науқас коронавирустен жазылып шықты
Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар – анасы мен баласы. Бұл туралы қала әкімінің 1-орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар – анасы мен баласы. Бұл туралы қала әкімінің 1-орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқарып жатыр. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам бар. Қазіргі таңда науқастар дәрігер бақылауына алынды. Олармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланды.
Бұл – бүгінгі дерек. Назар аударарлығы, ол науқастардың барлығы – індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар. Барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған екен.
Дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. «Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде еді» - дейді дәрігерлер.
Қауіпсіздік өзімізден басталады. Осыны ұстанған Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелеріне өздері дезинфекциялық дәліз орнатқан. Жеке құрам арнайы тапсырмадан келгеннен кейін міндетті түрде тепловизорлық тексерістен, сосын дезинфекциялық тазалаудан өтеді.
Шымкенттегі "Halykbank" бөлімшелері таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бөлімшелерде коронавирус індетінен сақтану шараларына қатаң көңіл бөлінген.
Бүкіл әлемге қауіп төндірген пандемиямен күресу шаралары Мақтаарал ауданында мықтап қолға алынған. Бұған дейін ауданда 4 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, ол азаматтармен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар шұғыл түрде карантинге жабылған еді.