Түркістан: Медициналық жедел жәрдем қызметкерлері ерекше флешмоб өткізді

Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері ұйымдастырған флэшмоб кешкі уақыттаЕсімхан алаңы мен орталық көшелерде өтті. Медицина қызметкерлері«Егер бізде қалғыңыз келмесе, үйде отырыңыз» деген ұранмен көліктерінде арнайы сигнал қоса жүріп, халыққа барыншатүсіндірме жүргізді.

Түркістан облысы бойынша 2000-ға жуық медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 1994 дәрігер үстемақы алды. COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.

Түркістан: Сайрамда індеттің алдын алу шаралары күшейтілді

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 11 ауыл округінде 42 елдімекен бар. Бүгінгі таңда аудан аумағынан 2 адам Covid-2019 індетін жұқтыраны анықталды.Осыған байланысты карантинге жабылған Ханқорған ауылында тауарлардың бағаларын шектен тыс көтермеу және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында әлеуметтік дүкен ұйымдастырылды.

Түркістан: Сақтық шаралары қатаң бақылауда

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ағымдағы жылдың 15 наурызынан бастап елде төтенше жағдай режимін жариялады және бүгінгі күні короновирус індетінің алдын алу шараларын күшейте отырып, режимді 30 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

Шымкентте үстемеақы алған дәрігерлер алғыстарын айтып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте мемлекеттің қолдауына ие болған үшінші мегаполистің дәрігерлері өз алғыстарын білдіріп жатыр. 

Шымкентте 1290 медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай бүгінде Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте мәлімдеді.