Түркістан облысына әлемге танымал кореялық медицина орталығының өкілдері келді

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен өңірге әлемге танымал Корея мемлекетінің Пучон қаласындағы Сунчонхян медициналық орталығының профессоры, онкологиялық әрі халықаралық хирургтар қоғамының ресми мүшесі Ким Хен Чоль келді. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

Түркістан облысы: Сайрам ауданында инсульт алған әйелдерге арналған оңалту орталығы ашылды

Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте инсульт алған әйелдерге арналған «Возрождение» сауықтыру кешені өз жұмысын бастады. Ақсукент ауылында ашылған орталықта науқас нәзікжандылар дене жарақатынан кейін оңалту және қозғалыс қызметін қалпына келтіруді қажет ететін көмек ала алады. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында еуростандартқа сай санатория іске қосылды

Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Төлеген» санаториясының қосымша ғимараты іске қосылды. Енді санаторияның айына 270 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Ашылу рәсіміне Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Қазақстан емдік-сауықтыру санаториялары қауымдастығының президенті Саягүл Қангелдина мен аудан тұрғындары қатысып, салтанатты түрде тұсауын кесті. 1996 жылы аудандық аурухананың бөлімшесі ретінде жұмыс істеген мекеме 1999 жылы жекешелендіру кезінде «Төлеген санаториясы» ЖШС болып қайта құрылған. Бұған дейін айына 70 адамды қабылдайтын емдік-сауықтыру мекемесі қосымша 20 орындық ғимаратты іске қосып отыр. «Қосымша ғимарат заманауи талаптарға сай жасалған. Бағасы да тиімді екен. Тәулігіне 5 мың теңге төлеп 5 мезгіл тамақ пен сан түрлі ем қабылдау мүмкіндігін жасап отырған санатория басшыларына алғыс айтамыз. Сіздер бұл орынға аурудан емделу үшін емес, аурудың алдын алуға келіңіздер деген тілек айтамыз»,- деді Мақсат Жолдасбеков.

Минералды суының құрамы 14 элементтен тұратын емдік-сауықтыру орталығында келушілер 12 түрлі дерттеріне ем қабылдай алады. Жер астында 46°С ыстықта қайнап шыққан су 37-38°С-та қолданылады. Барлық еуростандарттарға сәйкестендірілген орталық емдік шараларына қажетті барлық құрал-жабдықтарды Шымкент қаласынан тапсырыспен алдырады. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға арнайы жеңілдіктер қарастырған санатория 90 орынға есептелген, айына 270 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Келес ауданында МӘМС жүйесін ендіру бойынша жиын өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша бүгін Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жиын ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында АИТВ-ЖИТС-ке қарсы кездесу өтті

Ғасыр дертіне айналған нашақорлық, темекі, спиртті ішімдіктер және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі, АИТВ-ЖИТС-ке қарсы күрес мәселелері бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты әрі өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Қатерлі жұқпалы кеселдің құрбанына айналып, жыл сайын ата-ана, туған-туыстарына қайғы-қасірет әкеліп жатыр. 

В Шымкенте спасена жизнь новорожденного и его матери

Копилка уникальных кардиохирургических вмешательств врачей кардиологического центра пополнилась еще одним достижением. В городском кардиологическом центре Шымкента с помощью уникальной операции спасена жизнь новорожденного и его матери.