Медициналық ұйымдарда 30 IT-маман қызмет етеді.
Медициналық ұйымдар интернет желісімен 100 % қамтылған және компьютерлік техникамен жабдықталуы – 75 %. Медициналық мекемелерді цифрландыру жобасы аясында барлық емханаларда әрбір дәрігер бөлмесінде QR-код ілінді. Бұл арқылы әр дәрігердің жұмысын бағалауға болады.
Алғаш рет Республика бойынша Шымкент қаласында әр емханада ақпараттық-ситуациялық орталық ашылды. Бұл ретте «Жүкті әйелдерді мониторингілеу», «Нәрестелер патронажы», «Созылмалы аурулар мониторингі» атты бағдарламалар орнатылып, нәтижесінде медициналық көмектің сапасы артып отыр.
Қала бойынша бастапқы медициналық санитарлық және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесімен («ЦИТ Даму» ЖШС) жұмыс жүргізуде. Жедел жәрдем қызметі «Армаком» медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. Шаһарда мобильдік қосымшаны пайдаланушылар – 218 109 адам. Электрондық денсаулық паспорттары 1052849 пациентке толтырылған. Бұл – қала халқының 98,3 %-ы.
Емханаларда «ДамуМед» қосымшасы арқылы дәрігер қабылдауына жазылуға болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың жеке уақытын үнемдейді. Жалпы мобильдік қосымша арқылы 322 304 адам қабылдауға жазылып, 10 994 дәрігер үйге шақыртылған.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру натижесінде бірқатар жетістікке қол жеткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, шаһарда емханада дәрігердің қабылдауына жазылу кезегі 9-дан 2 адамға дейін, кезектерді 30 минуттан 15 минутқа дейін, зерттеу нәтижелерін алу уақытын 2 есеге қысқарту (5 сағаттан 2 сағатқа дейін), дәрігерге қабылдау уақытын 50 % - ға төмендету (20 минуттан 10 минутқа дейін), үйден шықпастан сынақ нәтижелерін, кеңестерді және рецепттерді алу және жеке денсаулық туралы барлық ақпарат онлайн режимінде қол жетімді ету бағытында жұмыстар атқарылуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат