Шымкент: Қоғамдық орындарда коронавирустың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Шымкент қаласында сақтық шаралары барынша күшейтілді. Қазіргі таңда қала әкімдігінде жедел штаб құрылып, қауіпті инфекцияның алдын алу үшін арнайы кешенді іс-шаралар әзірленді.


