Сенбі, 10 Қазан 2020 17:44

Шымкентте санитар дәрігерлер мектептерді тексерді

Шымкентте кезекші сыныптар оқып жатқан мектептерді санитар дәрігерлер тексерді. Басты назар санитарлық талаптардың қалай сақталып жатқандығы.

 

Бұл туралы Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай жұмыстар оқу жылы басталар алдында да бірнеше рет атқарылған. Ол кезде өрескел заң бұзушылықтар болмаған. Мамандардың айтуынша, тек ескертулермен шектелген. Оқушылардың әлеуметтік арақашықтықты сақтауы ескеріліп, бетперделерінің болуы міндеттелді.

Айта кетейік, қазір Шымкентте 3 мың 300-ден аса кезекші класс құрылған. Бұл бастапқыда білім бөлімі жоспарлағаннан әлдеқайда көп., 

- Әрине санитарлық талаптарды сақтау бойынша заң бұзушылық кездесіп жатады. Бірақ олар өрескел  емес. Бірден жойылады. Мәселен, олар контейнерлердегі антисептиктің мөлшерін уақытылы толтырылмаған, сұйық сабынмен қағаз сүлгілерді жаңартпаған. Мұндай жиі кездесіп жатады,-дейді Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ББ басшысының орынбасары Клара Адырбаева.


«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 742 рет