Бейсенбі, 15 Қазан 2020 15:05

Түркістан: Түлкібастық кәсіпкер орталық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты

Түлкібастық кәсіпкер орталық ауруханағажасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Түлкібастық кәсіпкер  Бейбіт Тулешев "Nur Otan" партиясының іске асырып жатқан «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында орталық ауруханаға екі жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті. Сондай-ақ, жеке алма бауының бір күндік терілген өнімін аурухана қызметкерлеріне мен ем қабылдап жатқан науқастарға таратты.
Жомарт жан қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы естіп, өз үлесін қоспақ ниетте осындай қадамға барғанын айтқан. Сонымен қатар, қиын кезеңде жаман індетпен күресте бар күш-жігерлерін жұмсаған аурухана дәрігерлеріне шексіз алғысын жеткізді.
Айта кетерлігі, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пандемияның қиын шағында түлкібастық еріктілер оттегі коцентраторының 42 данасын, 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балонын, 5 дана кір жуу машинасы мен 22 пулсоксиметр және кварц лампаларын табыстаған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 396 рет