Түркістан: «Денсаулық» пойызы 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсеткен
«Денсаулық» медициналық пойызы Түркістан облысының 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар созылмалы ауруларды анықтады. Консультациялық-диагностикалық пойыз мамандары Қазақстанның әр аймағында спецификалық проблемалы аймақтарды анықтап жатыр. Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары арасында жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары, остеохондроз,жарақаттан кейінгі энцефалопатиялар сияқты аурулар жиі кездесіп, сондай-ақ, әртүрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған емделушілердің үлкен пайызы байқалған.