Сенбі, 19 Қыркүйек 2020 16:17

Шымкент: Ауруханаға 33 оттегі концентраторы тарту етілді

Бүгін Шымкентте «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның «Зекет» қорының бастамасы аясында қолға алынған сауабы мол акция қаншама науқас жандардың дертіне шипа болып, көмегін тигізіп жатқаны рас.

Жалпы, ҚМДБ-ның «Зекет» қорының бастамасы аясында қолға алынған қайырымдылық шарада 33 дана оттегі концентраторы шет елден арнайы тапсырыспен алынып, Шымкент қаласы, Асар мөлек ауданында Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты жаңадан салынған қалалық инфекциялық ауруханасына 9 дана, №14 ауруханаға 5 дана, қалалық инфекциялық ауруханаға 9 дана, №2 қалалық «Оңалту орталығына» МКК-не 3 дана, №1 қалалық клиникалық ауруханасына 4 данасы үлестірілді. Және қала бас имамының шешімімен «Шымкент» медресе колледжінің медециналық бөліміне 3 данасы берілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы игі шараның басы-қасында жүріп, қол ұшын беріп, үлес қосқан қайырымды жандарға арнайы алғысын білдірді. Жалпы, бұл бағыттағы қайырымды һәм сауапты жұмыстар жалғасын табатын болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 401 рет