Сонымен бірге, жеке ауласында үй құстарын ұстайтын тұрғындардың құстарының санын қайта нақтылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған қалалық Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары және басқармаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 76 ветеринариялық дәрігері жұмылдырылды.
Құс тұмауы – үй құстарының, синантропты және жабайы құстардың эпизоотия немесе энзоотия түрінде өтетін, респираторлық органдар мен асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен, жалпы әлсіреуімен, өнімділіктің төмендеуімен сипатталатын жоғары зардапты ауру.
Шмкент қаласы бойынша бүгінгі күні құс тұмауы ауруы тіркелмеді және эпизоотиялық ахуал тұрақты.
ЕСКЕРТПЕ: АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҮЙ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БАЙҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСУДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Байланыс телефондары: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы 24-75-37, 24-75-18. «Ветеринариялық қызмет» МКК 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат