Жалпы, аудан аумағында қазіргі таңда 75 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші агроқұрылым алма бауын өсірумен айналысады. Олардың дені біз айтып отырған «апорт» алмасынан бөлек алманың «голден делишес - золотой превосход» және «айдерет» атты сұрыптарын өсіреді. Бүгінге дейін «голден делишес - золотой превосход» алмасынан 4,6 мың тонна терілсе, «айдереттен» 5,4 мың тонна жиналып отыр.
2017 жылы аталған алма түрлерінің жалпы көлемі 23 мың тоннаны құраса, биылғы түсім мұнан да көп болмақ. Бау-бақша баптаушылар «биыл 5 мың тоннаға артық алма жинап, 28 мың тоннадан астам жеміс тереміз» деп отыр. «Себебі, биылғы ауарайы жеміс-жидекке қолайлы» дейді.
Айта кетейік, Түлкібас ауданныңда 3 мың гектардан астам алма бау алқабы болса, соның 2200 гектары – 2007 жылдан бері отырғызылып келе жатқан жас баулар. Сонымен қатар ауданда аз жерден мол өнімді алуға (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) мақсатталған қарқынды бау шаруашылықтары дамуда. Қазіргі таңда аудан аумағында қарқынды алма бау көлемі 310 га жетті.
Аудан бойынша бас-аяғы сыйымдылығы 12500 тоннаны құрайтын 7 көкөніс һәм жеміс-жидек сақтайтын қойма бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.