Сенбі, 22 Қыркүйек 2018 17:27

Астаналықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Түркістан облысының шаруаларына алғыс айтты

Түркістан облысының тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізді. Екі күндік шара Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналғанын айта кетейік. Онда жалпы құны 201 млнтеңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Атап айтқанда, 80 тонна ет және ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт өнімдері, 90 тонна бақша өнімдері, 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп, 10 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық, 4 тонна бал, 10 тонна кептірілген жеміс, 14 тонна түрлі консервілер және 45 тонна басқа да өнімдер базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада саудаланды. Арзандатылған бағада азық-түлік сатып алған астаналықтар жәрмеңке ұйымдастырушылары мен оңтүстік өңірінің шаруаларына алғыстарын білдірді. Шара барысында Елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Түркістандық шаруалар Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында осымен 4-ші рет жәрмеңке өткізіп отыр. Осы аралықта Елордаға 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрін жөнелтілді. Жәрмеңкені өткізуге түркістандық 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары атсалысқан.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Оқылды 1013 рет