Аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары есепті кезеңде 735749,0 мың теңге болса, аталған жұмыстардың орындалу барысы 970574,7 мың теңгені құрап, 131,9 %-ға артығымен орындалған. Отырар ауданы ағымдағы жылдың 8 айындағы бюджеттің игерілуі бойынша облыста 99,7 % - бен үшінші орында тұр. Сондай-ақ аудандағы ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар атап өтерлік жетістіктер баршылық. Отыра ауданынан қарасты ауыл округтер бойынша жалпы егіс көлемінің жоспары 28980 га болса, биылғы көрсеткіш 30621 га жерді құрап, жоспар 105,7 пайызға артығымен орындалып отыр. Атап айтсақ жүгері 10 000 га, жоңышқа 10133 га, көкөніс 816 га, картоп 224 га, күнбағыс 229 га, бақша 7731 га, тары 722 га егіліп, барлық дақылдар бойынша өткен жылмен салыстырғанда өнім көрсеткіші артқан.
Сонымен қатар ауданда түйе, жылқы, ірі қара мал басы да өскен. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп білеміз. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда мал басын асылдандыру бағытындағы «Сыбаға» бағдарламасы 101,5 пайызға, ал, «Алтын асық» 101 пайызға артығымен орындалған. Жиын барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ауданның бюджет қаржымының уақытылы игерілуін жүктеді. Сондай-ақ аудан әкімі жиын барысында аудандық «Отырар ағын су» МҚК-ның директоры қызметінде 36 жыл жемісті қызметтер атқарған Ә.Жаймырзаны 63 зейнеткерлік жасымен құттықтап, иығына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»