Дүйсенбі, 08 Қазан 2018 16:23

Түркістан облысы: Жетісай ауданында мақта бағасы 180 теңге болып белгіленді

Сөйтіп, Жетісай ауданында мақта бағасы 180 теңге көлемінде белгіленді. Ал «ақ алтынның» әр тоннасына 12 мың теңгеден субсидия төленетін болады. 

Өткен жұма күнінен бастап Жетісай ауданындағы барлық мақта қабылдау бекеттері мақтаның келісін 180 теңгеден қабылдауда. Бұл шешімге ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтардың тікелей араласуымен қол жеткізіліп отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 7 мақта зауыты мен 68 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр.
Биыл Жетісай ауданында 78136,2 гектарға егіс егілді. Оның 48226,3 гектары – мақта. Ауыл округтерінің ішінде ең көп мақта дәні Жылысу ауыл округінде, яғни 6477 гектарға жерге себілген.
 
Жыл басынан бері мақта дақылының өсуіне кедергі келтіретін зиянкестерді жою мақсатында жетісайлық диқандар 30275,0 гектар алқапты – билогиялық әдіспен, 18838 гектарды химиялық әдіспен өңдеуден өткізген. Аудан шаруалары өткен жылы орташа есеппен мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім жинаса, «биыл да осы көрсеткіштен төмен болмайды» деп отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1170 рет