Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын. Ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы жүзімдікдің әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. «Тайфы» сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтіліп жатыр. Жалпы, аталған қожалықта 42 гектар жерге жүзім егілген. Соның 26 гектары өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастайды.
ҚожалықтөрағасыМахарамНифталиевтіңайтуынша, 1 гектарғашамамен 2 млн. теңгегежуықшығынкетедіекен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Қазір мұндағы жүзімнің бір келесі 120 теңгеден саудалануда. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.