Жалпы аумағы 1 гектар жер телімінде тоғанды көл жасап, тауарлы балық шаруашылығымен айналысып отырған Бауыржан Сұлтанханұлы кәсібін одан әрі дамытуды мақсат етіп отыр. Бүгінде 13500-дей балық шабақтарын асырап отырған кәсіп иесі қосымша 2 адамды жұмыспен қамтыған.
Шаруамен кездесуде өсірілетін балық көлемін арттыру және жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсерту мүмкіндіктері талқыланды. Кәсіпкер болашақта шаруашылығын ұлғайтып, балық өнімін шығаруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Аудан әкімі кәсіпкерді қолдауға дайын екенін айтып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында арнайы жеңілдетілген несиелендіру мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.
Айта кету керек, жалпы Отырар ауданында балық шаруашылығына арналған 9 көл бар. Аудандағы тауарлы балық шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқан азаматтарға аудандағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы кеңестер беріліп келеді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат