Жексенбі, 14 Шілде 2024 15:01

Түркістан: Сауранда күніне 30 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех ашылды

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цехтың ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат депутаты Абдурашид Жусипов, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары қатысты.

«Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бұған дейін де өз кәсібін дөңгелетіп, жемісті жұмыс атқарып келеді. Аталмыш нысанның төрағасы Аброр Рысқұловтың айтуынша, қажетті құрал жабдықтарды Қытай Халық Республикасынан алып келген. Бүгінгі таңда цехта 25-30 адам тұрақты жұмыс істейді. Жалпы цехтың көлемі 1 гектарды құрайды.

Қазіргі таңда онда 12 түрлі құрғақ құрылыс қоспалары дайындалып, нарыққа шығарылуда. Күніне 30 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруде. Ондағы артықшылық нарық бағасынан әлдеқайда төмен, сапасы жоғары. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттыруда. Алдағы уақытта өнім көлемін 2 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ендігі жерде Сауран ауданы құрылғалы бері атқарылып жатқан жұмыстар мен даму перспективалары төңірегінде сөз қозғап көрсек. Сауран ауданы 12 ауылдық округтен тұрады. 12 ауылдық округте жалпы саны – 35 елді мекен бар. Ал, аудан орталығы – Шорнақ елді мекені. Сауран ауданының жалпы аумағы 721745 гектар, халық саны – 106,802 адамды құрайды.

Сауран ауданы, Шорнақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және топографикалық түсірілімімен бірлескен бас жоспары өткен жылы қыркүйек айында аудандық мәслихат сессиясында бекітілген болатын. Аудан құрылғалы аудан орталығы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 38 гектар жер бөлініп, әкімдік, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, аумақтық органдар, ішкі істері басқармасы ғимараттарының құрылысы және инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Әкімшілік ғимараты бүгінде пайдалануға берілген. Сонымен қатар, «Шорнақ елді мекенінде төрт автомашинаға арналған өрт сөндіру депосы» құрылысы, «200 орындық аудандық орталық аурухана» салынуда. Осы екі құрылыс нысаны бойынша Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайындалған. Ал, төмендегі нысандарға тапсырыс беруші аудандық құрылыс және сәулет бөлімі болып табылады. «500 орындық мәдениет үйі» құрылысы бойынша Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайын.

Сауран ауданы әкімдігі жергілікті халықты ауыз сумен және егістікті табиғи су жүйелерімен қамту жұмысына жан-жақты талдау жүргізіп, кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Ақтөбе су қоймасынан егіске баратын Тасарық құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталды. Сонымен қатар Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасы құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталған.

Бүгінгі таңда 31 елді мекеннің ауыз су тарату орталықтарындағы тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру көздеріне қарай кезең–кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Қазіргі таңда, төрт ауылдық округтегі он бір елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенге өткен жылдың сәуір айынан бастап газ берілуде.

Сонымен қатар, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Оранғай, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне магистральды газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданы әкімдігі тарапынан екі ауылдық округке табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Олар Оранғай ауылдық округіндегі Бостандық және Қосқарған елді мекендері, Иассы ауылдық округіндегі Еңбекші Дихан елді мекенін табиғи газ құбырымен қамтамасыз ету құрылысының жобалары.

Бүгінде Сауран ауданында мал басы өскен сайын жайылымдық жерлерді заңды иесіне қайтару мәселесі бас ауыртатын аса өзекті мәселенің біріне айналды. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Сауран ауданы бойынша 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланып, 51,25 мың гектар жер телімін мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауылдық округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде.

Сонымен қатар, 78,4 мың гектар жерді меморандум арқылы беру жоспарланып, жалпы 31,8 мың гектар жер теліміне келісім-шарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. Сонымен қоса кәсіпкерлік жер учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізу Gosreestr.kz электронды сауда айналымы жүйесі арқылы талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 жер аукцион арқылы беріліп, жалпы соммасы 12 158 935 теңге бюджет есебіне түскен. Сауран ауданына қарасты ауылдық округтер бойынша 27,3 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, Сауран ауданы әкімдігінің арнайы жер қорына алу туралы қаулысы қабылданып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сауран ауданы бойынша алдағы уақытта бос алаңшаларды дайындап, инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерін жүргізуге жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттен 380 млн теңге қаражат бөлінген жағдайда инженерлік инфрақұрылымдық жүйелері жүргізілгеннен соң тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері Сауран ауданы бойынша кезекте тұрған 23824 азаматтарға заң аясында табысталатын болады.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиеленді-ру бойынша алдыңғы жылы «Ауыл шаруашы-лығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 млн.теңге АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 млн. теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250 млн. теңге несие алған.

Түркістанның облыс мәртебесін алуы мен Сауран ауданының қайта ашылуы, өңірдің іскер қауымының жаңа жобаларды игеруіне жол ашты. Түркістан мен Сауранда мемлекеттік ғимараттар мен тұрғын үйлердің құрылысының жоғары қарқынмен дамуы кәсіпкерлердің жиһаз жасауға құлшынысын арттырды.

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 млн.теңге несие алды. 100 жаңа жұмыс орнын ашты. Өткен жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы, жоба құны 300 млн теңге несие алып, 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жоба іске қосылды. Бұлардың негізгі атқаратын жұмысы темірден жиһаз жасау кәсіпорны қазіргі таңда 45 гектар аумақты алып отыр.

Алдыңғы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын несие алып, 2022 жылдың мамыр айында іске қосылған «Авиценна-А» емханасы ашылды. Жоба құны 1800,0 млн теңге құрады. Қазір мұнда 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан жоба құны 789,0 млн. теңгені құрайтын «GOLDEN Cotton» ЖШС мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауыты іске қосылды. Қазір мұнда 34 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 млн теңгені құрайтын 300 орындық жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» ЖШС және жоба құны 1 млрд теңгені құрайтын 280 орындық жаңа мектеп «Жаңа Иқан» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен пайдалануға берілді.

Иассы ауылдық округінен «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС кәсіпорны ерекше тартымды жоба болып отыр. Жоба құны 8,0 млрд.теңге тұратын күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылады. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала іргесіндегі Шаға ауылдық округінен жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех құрылысы басталады. Бұл жобаның құны 400,0 млн.теңге құрап отыр. Цех іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 «2021-2025 жылдарға арналған кәсіп-керлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 7 мыңнан астам адам әлеуметтік шаралармен қамтылып, көрсеткіш 169,3% орындалған. Әлеуметтік шаралармен қам-тылған жастар 1924 адам, аз қамтамасыз етілгендерден 396 адам, әйелдер саны – 2694 адам, мүмкіншілігі шектеулі азаматтардан 234 адам қатыстырылды.

Сауран ауданының екінші тынысы ашылғалы бері мыңдаған жаңа кәсіпорындар ашылып, бейнеткеш қауымының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жылдам көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде істің көзін тапқан тұрғындарды биліктің де дер кезінде қолдауының нәтижесі деуге болады.

Өздеріңізге белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруалар өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары бойынша 6 бағытта несие алып жатыр. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Сауран ауданында бағдарлама Қарашық, Ораңғай, Ескі Иқан, Майдантал ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінде 74 жоба қабылданып, 73 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды, 11 жоба кепілдік шартын тіркеу сатысында тұр. Ауданда 7 кооператив құрылды. Былтыр 11 млрд. 332 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Бұдан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны 4 млрд. 460 млн. теңге құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, балық шаруашылығын дамыту, балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға арналған қойма салынады. Мақта майын өндіру цехын ашу жоспарланған. Мал азығын дайындайтын цех салынып, жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы іске асырылады. Жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Сауранның даму әлеуеті зор. Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32-сі ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Халықтың 88,9%-ы таза су пайдаланады. Былтыр Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, 522 үй ауыз су жүйесіне қосылды. Тағы бірнеше елді мекенде ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған 3 елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған. Жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары 8 елді мекенде жүргізіледі.

Сауран ауданы тарихи ескерткіштерге бай өлке, ауданда 54 тарихи-мәдени нысандар бар. Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелеріне туристер қызығушылық танытып, көптеп келеді. Аудан аумағындағы тарихи-мәдени нысандарды 100 мыңдай турист тамашалаған. Туристік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары өз жалғасын табуда.

Ауданда Ескі Сауран қалашығы, Үкаш ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан. Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, Ескі Сауран қалашығының аумағынан 320 млн. теңгеге «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Онда қонақүй, тамақтану орындары, көрме орталығы болады. Жүсіп ата кесенесінен «Сапар орталығы» мен музей пайдалануға берілді. Биыл 5 жаңа жоба жүзеге асырылады. 100-ге жуық жұмыс орны ашылып, 90 мыңнан астам турист келеді деп жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 55 рет