Қаладағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсаруына байланысты, жергілікті бюджеттің түсімдері артқан. Биыл бюджет шығыстарының көлемі 764,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 107,0 млрд теңгеге көбейді. Ал, бюджет түсімдерінің көлемі 61 млрд теңгеге ұлғайып, 404 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда оның 272 млрд теңгесі түсіп, жоспар 19,8% - ға артығымен орындалды. Бюджет көлемі артуына байланысты халықтың табысын арттыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Биыл жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жалақысы төмен 15 мыңға жуық қызметкерге қосымша 50 мың теңге үстемақы тағайындалып, ең төменгі жалақы 140 мың теңгеге көтерілді. Оған жергілікті бюджеттен 8,1 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, биылдан бастап кәсіпкерлікті дамытуға, кеңейтуге, қаржы айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беру мақсатында бөлшек салық мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қорытындысымен қала экономикасының негізгі көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 051 млрд теңгені құрап, 2,7 пайызға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 1,7%-ға артты.Өңдеу өнеркәсібінде металлургия өндірісі 2,1 есеге, жеңіл өнеркәсібі 14,5 пайызға, химия өнеркәсібі – 7,2 пайызға, сусындар өндірісі 4,7 пайызға артты. Инвестиция көлемінің өсу қарқыны 26 пайызды құрап, 724,3 млрд теңгеге жетті. Жеке инвестиция көлемі 596,9 млрд. теңге, мемлекеттік 127,4 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 260,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 113,2 пайызды құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 13,2 пайызға, күрделі жөндеу жұмыстары – 84,8 пайызға артты. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1 084,1 мың шаршы метрді құрады. Оның ішінде жеке үйлер 396,8 мың шаршы метр. Жалпы сауда көлемі 2 408,2 млрд. теңгені немесе 7,5%-ға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда көлемі 19,8 пайызға, көтерме сауда 2,2 пайызға өсті. Жалпы көлік қызметі жыл басынан 117,9%-ды құрады. Оның ішінде жүк айналымы 27,1 пайызға, жолаушылар айналымы 9 пайызға артты. 2023 жылы қалада 31 197 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 30 699-ы тұрақты жұмыс орындары.