Сейсенбі, 22 Қазан 2024 20:54

Шымкент пен Өзбекстан аймақтары арасында ғылыми-техникалық және мәдени байланыстар орнаттылады

Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумы өтті.

Форумның басты мақсаты – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болды. Іс-шара барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту бағытында маңызды қадамдар жасалды.

Самарқан облысының туристік әлеуеті мен Жизақ облысының машина жасау саласындағы қарқынды дамуын ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді. Бұл келісімге Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, ал Өзбекстан өңірлерінен облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды.

Аталған келісім өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға жол ашып, инвестиция тартуға, сондай-ақ туризм саласында қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Оқылды 361 рет