Сәрсенбі, 06 Қараша 2024 15:18

Шымкент пен Ұлыбритани арасындағы жаңа инвестициялық әріптестікке жол ашылды

"Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек".  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген еді. 

Осы ретте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Личпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, дуальды білім беруді ұйымдастыру және Шымкентте британдық университеттердің бір филиалын ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Бұдан бөлек, қала әкімі Шымкенттің экономикалық дамуы, инвестициялық және туристік әлеуеті туралы айтты. Британдық компаниялардың қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және қалада мәдени іс-шаралар өткізуге қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

 

Оқылды 411 рет