Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024 15:59

Кәсіпкерлерге көпшілік қауіпсіздігі туралы түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімі аппаратының өкілдері, қалалық полиция департаментінінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Сәулет және қала құрылысы басқармасының газ-техникалық бөлімінің жетекшілері, қалалық әкімдік басқармаларының өкілдері, сауда орындарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

 

Кеңес отырысына қатысушыларға сауда орындары мен базарлар секілді көпшілік жиналатын орындардағы террористік қауіптің алдын алу, ірі нысандардағы өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын пысықтау туралы түсіндірілді, тиісті нұсқаулар берілді.

Сонымен қатар екі қабаттан асатын көппәтерлі үйлерде баллондағы сұйытылған мұнай газын сақтауға және пайдалануға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында пиротехникалық өнімдердің көп қолданылатыны туралы айтылып, қауіпсіздікті сақтау ережелері, тамақ өнімдерін сатудағы заңдарға қатысты өзгерістер туралы кеңінен айтылды.

Жиында кәсіпкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарының жауабын алды.

Оқылды 419 рет