Әкім өз сөзінде қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталып, бизнеске қолайлы жағдай жасау және іскерлік белсенділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жыл басында шағын және орта бизнес субъектілері үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылым салынды және “Жұлдыз”, “Бозарық” индустриялық аймақтары іске қосылды. Келесі жылы “Жұлдыз” индустриялық аймағына теміржол жолдарын тарту құрылысы аяқталатын болады.
Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік бағдарламалар аясындағы кәсіпкерлерді қолдау құралдары талқыланып, шағын және орта бизнестің даму перспективалары туралы пікір алмасылды. Кәсіпкерлердің сұрақтары тыңдалып, оларға нақты жауаптар берілді.
Кездесу соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпкерлерге қаланың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, бизнесті дамыту басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Әкім:
-Болашақта бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, кәсіпкерлікке қолайлы жағдайларды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз, – деп қала басшысы.