35 гектар аумақта орналасқан «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауыты крахмал мен сірне өндірісіне бағытталған. Инвестиция көлемі – 35 млрд. теңге. Жаңа өндірістің І кезеңінде дәнді кептіру және сақтау кешені іске қосылады. ІІ кезеңнің жоспарына сәйкес, зауыт ғимаратының құрылысы жүргізілуде. 500-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтитын өндіріс кешені келер жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі зауыттың іске қосылуы аймақта жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық дамуды қамтамасыз ететініне тоқталды. Жаңа технологиялар мен экологиялық стандарттарға сай өндіріс орны агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жаңа деңгейіне көтерілуіне ықпал ететінін жеткізді. Сондай-ақ зауыт басшылығына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Түркістан облысы балық өндіруден көш бастап тұр. Соның ішінде Шардара ауданында балық өсіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалды Шардарадағы балық өңдеу зауытын аралап көрді. Мұнда жылына 1600 тонна дайын балық өнімдері өндіріледі. «Даму аймақ» бағдарламасымен құрал-жабдық сатып алуға 160 млн. теңге бөлінген. Кәсіпорында балықтың филе және мұздатылған түрлері өндіріліп отыр. Ал өндірілген өнім Германия, Дания, Ресей Федерациясының нарығына жөнелтілуде. Экспортқа шығарылатын өнім көлемі 1 млрд. теңгені құрайды. 50-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.
Шардарада ауданда 5 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. 420 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл зауыттар жылына 5600 тонна балық өнімдерін өңдеп, 5,5 млрд. теңгенің өнімін экспорттайды. Жұмысшыларының орташа жалақылары 200 мың теңгені құраса, мемлекет кірісіне шамамен 600 млн.теңгедей салық төлейді. Шикізаттың 90 % астамы (4880 тн) өзге өңірлерден тасымалдануда.
Сырттан тасымалданатын шикізатқа тәуелділікті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімділікті артыру мақсатында өткен жылы құны 380 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 770 тонна балық өнімдерін өндіретін және 33 адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба жүзеге асты. Олар: ЖК «Томай» инкубациялық әдіспен балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Байқошқаровтың» инкубациялық әдіспен және тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). «Молдияр» ЖШС торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «М.Бекарыстанәлі» торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Әлібаев» тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).
2023 жылы қуаттылығы жылына 1700 тонна балық өнімдерін өндіретін және 87 адамды жұмыспен қамтитын 1710 млн. теңгеге 13 жобаны іске қоссылған болатын. Жобаның арқасында 120 млн.теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 200 мың теңгені құрады. Нақтырақ айтсақ, ЖК «Т.Жалғасбаевтың» балықтан жем және май дайындау жобасы. «Vita» ЖШС-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК А.Байқошқаровтың инкубациялық цех салу жобасы. «Хамит» АӨК-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК «Томайдың» балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК «Әлібаев Асан» тоғанда балық өсіру жобасы. «Молдияр» ЖШС-нің тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК Б.Смайыловтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы. ЖК «Қарақаттың» тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «М.Базыловтың тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «Ж.Жақсылықтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы. ЖК «Томайдың» инкубациялық әдіспен балық өсіруді кеңейту жобасы ( қуаттылғын 500 тоннаға дейін арттыру).
Жоғарыда айтып өткеніміздей ауданның балық шаруашылығын дамыту бағыты қарқынды. Былтырғы жылы тұрғындар осы салаға субсидияларды қарастыруды сұраған болатын. Облыстық бюджеттен осы мақсатта биыл 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға республикалық бюджеттен 226 млн. теңге бөлінді. Былтыр Түркістан облысы, Шардара ауданында құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын жаңа 10 инвестициялық жоба іске асырылып, 118 жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл 3,6 млрд. теңгеге 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Шардара тұрғындарымен есептік кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеген болатын. Облыс әкімі ауданның инвестициялық әлеуеті жоғары екеніне, бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанына тоқталған болатын.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат