Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылына жасаған жұмыс сапары барысында «Жылыбұлақ» каналының құрылысымен танысты. Сегіз шақырымнан астам қашықтықты қамтып жатқан каналды іске қосудың ауыл тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. «Бұл көптен бері көтерілген маңызды мәселелердің бірі болатын. Жергілікті диқандар үшін үлкен қуаныш, себебі ала жаздай ризық-несібесін жерден терген шаруалар үшін бұл істің маңызы зор», – деді ауыл қариялары.
Айта кетейік, «Жылыбұлақ» каналының іске қосылуы 750 гектар суармалы жердің игерілуіне мүмкіндік береді. Бұған дейін бұлақ суы жерге сіңіп, егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету айтарлықтай қиындықтар туғызған. Бүгінде бұл мәселе толықтай шешіліп отыр.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат