Сонымен қатар, бұл базада параболалық лоток өндіретін құрылғылар да орнатылуда. Жұмыс аяқталуға жақын. Іске қосылғанда аталған өндіріс орны тәулігіне 30 параболалық лоток шығаратын болады. Параболалық лоток арық-атыздарға орнатылып, ағын судың шаруаларға шығынсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді. «Тұран су» мекемесі облыс бойынша жыл басынан бері 236,7 шақырым каналды механикалық тазалаудан өткізсе, оның 111,4 шақырымы Ордабасы ауданына тиесілі.
Сондай-ақ, тағы бір айта кетерлік жаңалық, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ. TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақшы. Жалпы 5,5 гектар аумақта орналасқан бұл өндірістік жоба іске қосылған соң жергілікті бюджеттің кіріс көлемін арттыра түсетін болады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат