Ескі Иқан елді мекенінен 3,1 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер таңдалып, қажетті құжаттар әзірленуде. Қазіргі уақытта мал бордақылау алаңын салуға қызығушылық танытқан 35-тен астам кәсіпкерлер бар. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ниет білдіруші кәсіпкерлермен белгіленген жер телімінің басында кездесіп, пікір алмасты.
Кездесуде жобаның инфрақұрылымын дамыту аясында электр желісі тарту, ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін барлық қажетті жағдайлар жасалу бағыты талқыланды. Сонымен қатар, мал бордақылау алаңының құрылысына қоса, қажетті жолдар мен су құбырларын тарту жоспарланғандығы айтылды. Осы ауқымды жобалар іске асқанда, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық дамуына тың серпін бермек.
Сауран ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін агроөнеркәсіптік өндірісті жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жолымен шешу жоспарда тұр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жем, агротехникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дренаждық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ өндірілген тауарларды делдалдарсыз тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұндай тәсіл бизнес-ортаны дамытуға және ауылда нарықтық, көліктік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар қызмет бағыттарын кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындары пайда болады, осылайша ауылдан жас кадрлардың кетуі азаяды.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бірқатар шараны қамтиды, соның ішінде ауыл тұрғындарын жергілікті өзін-өзі басқаруға тарту, әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсету, туризмді дамыту, экспортты ынталандыру, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Аталған тұжырымдамадан күтетін нәтиже – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі 5,8%-ға, ал ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ға дейін төмендейді. Сонымен қатар елді мекендерді таза сумен қамтамасыз ету – 100%, интернетпен қамту – 97%, нормативтік жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 95% болмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айттық. Ел ішінде «Көмектескің келсе, балық берме, қармақ бер» деген жақсы сөз бар. Ауыл тұрғындарының тұрмысын көтеру, ауылды жандандыруға берілген тиімді қармақ, бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарламаның ең басты мақсаты – қарапайым ауыл тұрғындарын кәсіпке баулу арқылы тұрмыс-тіршілігін жақсарту, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, ауылдық жерде шикізат өңдейтін өндірісті дамыту. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына 5 жылдан 7 жылға дейін өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Алу шарттары да жеңілдетілген, яғни кепілге қойылатын жылжымайтын мүлік, меншіктегі жер немесе арнайы техниканы бағалап, соған сәйкес шағын несие алуға болады.
Жалпы, өткен жылы Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамып, егістік алқаптарында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл қорытындысы бойынша 43,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның нәтижесінде 873,3 тонна өнім өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділік 105,3%-ға артты. Бұл жетістік саладағы өсімнің айқын көрсеткіші.
Биыл аталған көрсеткіштерді одан әрі арттыру мақсатында 44,2 мың гектар жерге егістік дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 1,2 гектар жерге жылыжай өнімдері отырғызылды. Жаңа техникалар кеңінен қолданылып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Жаңбырлатып және тамшылатып суғару әдістерінің көлемі артып, алқаптарды суарудың тиімділігі артуда.
Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі тірегі. Осыған орай, егістік алқаптарын ұлғайту, өнімділікті арттыру және агротехнологияларды жетілдіру бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Аграрлық сектордың даму қарқыны жоғары, алдағы уақытта одан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп күтілуде.
Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді. Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 мыңға жетіп, соңғы 2,5 жылда олардың саны 5 мыңға өсті. Осы салада 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға артты.
Ауылдарды дамыту бойынша алға қойған жоспарлар көп, соған байланысты біраз жұмыс атқарылып жатыр. Қазір ауыл-аймақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылады. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Тұжырымдаманың аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Құжаттағы басты назар «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді кешенді жаңғыртуда болып отыр. Бұл – жалпы ауылдардың 90%-ға жуығы. Мұндай елді мекендер адамдардың жұмыс істеуі мен тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін агроөнеркәсіптік өндірісті жандандыру, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жолымен шешу жоспарда тұр. Осылайша, шағын шаруашылықтарды біріктіру және ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру фермерлерге тұқым, тыңайтқыш, жем, агротехникалық және ветеринариялық қызметтер шығындарын қысқартуға, жер учаскелерін, ауыл шаруашылығы техникасын, ирригациялық және дренаждық жүйелерді бірлесіп пайдалану есебінен өндірілген өнім көлемін арттыруға, сондай-ақ өндірілген тауарларды делдалдарсыз тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, мұндай тәсіл бизнес-ортаны дамытуға және ауылда нарықтық, көліктік және логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар қызмет бағыттарын кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындары пайда болады, осылайша ауылдан жас кадрлардың кетуі азаяды.
Ауыл шаруашылығында бизнес ашу оңай емес, ол үшін база құру, техника, жабдық, мал, жем сатып алу керек. Бірақ бұл саладағы жаңа өндірушілер азық-түлік қорын қамтамасыз етіп, елге пайда әкелуде. Шаруалардың жағдайын жеңілдету үшін мемлекетіміз субсидиялау және жеңілдікті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Ендігі жерде фермерлер бизнестерінің дамытуға субсидия қалай ала алатыны және оны қалай жұмсай алатыны туралы айтып берсек.
Ауыл шаруашылығындағы субсидия туралы түсінік
Ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар — бұл кәсіпкерлер шығындарының бір бөлігін өтей алатын мемлекеттен бөлінетін қаржылай көмек. Субсидия көкөніс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар өсіріп, өңдейтін, асыл тұқымды мал, қара мал және қой-ешкі, құс еті өсірумен айналысатын шаруаларға беріледі. Одан басқа отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға және су мен отын шығынын өтеуге арналған субсидиялар да бар.
Қаржылай көмекті шағын фермерлер де, ірі шаруашылықтар да ала алады. Бірақ субсидия тек жұмсалған шығындарды өтейді, яғни егер фермер бизнес ашқысы келсе, онда алдымен керегін сатып алады немесе құрып салады да, содан кейін шығынын дәлелдейтін есептер ұсынып, соның негізінде субсидия алады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығына арналған субсидия
Асыл тұқымды мал шаруашылығы — бұл ауыл шаруашылығының маңызды саласы, сол себепті мемлекет селекциялы және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстармен айналысатын тауар өндірушілердің шығындарын субсидиялайды, яғни бір бөлігін өтеп береді.
Субсидия мақсаты
асыл тұқымды қара мал басын сатып алу,
ет және ет-сүт бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алу,
асыл тұқымды қой, айғыр, түйе сатып алу,
ет және жұмыртқа беретін асыл тұқымды жас құс сатып алу,
асыл тұқымды бұқаларды, қошқарларды күту,
қолдан ұрықтандыру қызметтері,
қара малдың, қойдың, маралдың, шошқаның тауарлық және асыл тұқымды малдарымен байланысты жұмыс,
бал аралары ұяларымен жұмыс.
Субсидия мөлшері мал түріне байланысты болады. Мысалы, бір отандық асыл тұқымды сиырға 150 мың теңге бөлінсе, Аустралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америкадан немесе Еуропадан әкелінген сиырға 300 мың теңге субсидия беріледі (мемлекет селекция жұмыстарын жүргізу үшін жаңа тұқым сатып алуға мүдделі). Жалға алынған малға субсидия берілмейді. Субсидиялардың толық тізбесі мен нормативтермен осы сілтемеден танысуға болады.
Фермерлерге қойылатын талаптар
Фермер субсидия алу үшін арнайы талаптарға сай болуы керек — ол талаптар мал түріне және мал шаруашылығының түріне қарай өзгеріп тұрады.
Мысалы, селекция мен асыл тұқым өсіруге байланысты жұмыстарға субсидия алу үшін барлық мал басы селекция және асыл тұқым жұмысының ақпараттық қорында (САТЖАҚ) және ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасында (АЖБ) тіркелуі керек. Жалпы саны 20–30 аналық мал басына бір жасқа толған және бұрын тұқым шығаруға пайдаланылмаған кемінде бір асыл тұқымды бұқа болуы қажет.
Өтініш беру мерзімі мал шаруашылығының түріне байланысты болады, әдетте, ол ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейінгі кезең (өтініш мал сатып алған күннен бастап 12 ай ішінде тапсырылады).
Өсімдік шаруашылығына берілетін субсидиялар
Өсімдік шаруашылығына субсидиялар келесі бағыттар бойынша беріледі:
басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық көшеттер өндiру,
тұқым шаруашылығы,
тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштар кірмейді),
зиянды организмдерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған биологиялық агенттер мен пестицидтер.
Әр аймақтың өз басым дақылдар тiзбесі және әр жыл сайын нақтыланатын субсидия нормалары бар. Басым дақылдардың тiзбесі мен нормаларын білу үшін, өзіңіздің қалаңыз бен ауданыңызға қарау керек. Тұқым шаруашылығына арналған субсидияны түпнұсқа тұқым өндірушілер, элит тұқым және тұқым шаруашылықтары, ауыл шаруашылығында тауар өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері толық бағамен сатып алынған тыңайтқыштар, пестицидтер, биоагенттер үшін ала алады. Тұқымға арналған субсидиялар егіннің түріне байланысты: түпнұсқа тұқымнан бидай өсіретін болсаңыз, 166 000 теңге сұрай аласыз, ал бұршақ өсірсеңіз, 171 500 теңге субсидия сұрай аласыз.
Ауыл шаруашылығы өндірушілер суаруға субсидия ала алады. Субсидия мөлшері сатып алынған суармалы судың текше метрі мен тарифтердің пайыздық қатынасына байланысты болады. Күріш дақылдарына ол ҚҚС-сыз тарифтің 50% құрайды, басқа ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сараланған түрде белгіленеді.
Сондай-ақ, фермерлер егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отынын ала алады. Оның көлемі жер көлемі мен ауыспалы егіс көлеміне қарай автоматты түрде есептеледі. Фермер тек егінін растап, оператор таңдайды да, электронды қолтаңбамен өтінішке қол қояды. Әр оператордан сатып алынған жанармай көлемі мен қалдығы онлайн режимінде бақыланады.
Инвестицияға арналған субсидиялар
Инвестицияға арналған субсидиялар жоба паспорттарына сәйкес жаңа өндіріс орындарын құруға немесе жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейтуге, жаңғыртуға, техника және ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алуға беріледі. Барлығы 30–ға жуық бағыт субсидияланады. Мысалы, қант өндіретін кәсіпорын құруға салынған инвестицияны субсидиялау үлесі 25%, ал басым ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу немесе жылыжай кешенін салуға және кеңейтуге салынған инвестицияны субсидиялау үлесі 30% құрайды. Мына сілтемеде субсидиялауға жататын жобалар паспорттарының толық тізбесі берілген.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
Агробизнес дамытуға жеңілдікпен несие алған шаруаларға мемлекет несие пайызының бір бөлігін өтей алады. Қағида бойынша ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 7,5% қолданылады, кәсіпкер оның тек 6% төлейді, ал қалғанын мемлекет субсидиялайды. Субсидиялау мерзімі несие мерзімінен аспауы керек.
Мына мақсаттарға берілген несиелерді субсидиялауға болады:
ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтар, ауыл шаруашылығы жануарларын, негізгі құрал сатып алуға және құрылысқа берілген несиелер (ұн, минералды су және алкогольсіз сусын өндіруге сатып алынған негізгі құралдар бұл тізімге кірмейді);
өндіріс процесінің технологиялық цикліне жұмсалатын айналым қаражатын толықтыру;
көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу.
Фермерлерге ауыл шаруашылығына жеңілдікті несие алу тәртібі
Субсидия алуға өтініш беру
Субсидия алуға барлық өтініштер Gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік жүйесінде беріледі. Субсидияның барлық түрлеріне өтініш беру тәртібі:
Gosagro.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліңіз.
Негізгі бетте субсидиялау категориясын таңдаңыз, мысалы, басым дақылдарды субсидиялау.
Өз аймағыңызды таңдап, «Қызмет алу» батырмасын басыңыз.
Жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде тіркелу формасын таңдаңыз.
Мына өрістерді толтырыңыз — ЖСН/БСН, телефон нөмірі, біздің мысалда кездесетін өріс — ауыспалы егіс жылы, егін дақылы, ЖК немесе ЖШС аты-жөні жазыңыз.
Жер учаскесі туралы мәлімет, банк деректемелері толтырыңыз және қажет құжаттарды (қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы келісімшарт), шот туралы туралы анықтама, өңдеуші кәсіпорын шығындарының төлем құжаттарын жүктеңіз.
Құжат жасап, ЭЦҚ-ға қол қойып, процедураны аяқтаңыз.
Өтініш екі күн ішінде қарастырылады. Кейін субсидиялауға нәтижелері электронды поштаға және порталдағы жеке кабинетіңізге жіберіледі.
Сайтта күту тізімі бар — фермерлер бюджет бөлінгенше күтіп отырмай, өзі ыңғайына қарай кез келген уақытта өтініш бере алады. Өтініш мақұлданғаннан кейін жүйеге түсіп, төлем кезегін күтеді. Әр қаладағы Ауыл шаруашылығы басқармалары ағымдағы өтінішті қарастырмағанша, келесі өтінішке көше алмайды. Өтініштерді тіркеу және күту тізімі онлайн жарияланған.Бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенін дамытуға субсидияны бірыңғай субсидиялау жүйесі арқылы онлайн алуға болады. Процедура толығымен автоматтандырылған, сол себепті сыбайлас жемқорлық қаупіне жол берілмейді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат