Айта кетейік, кәсіпорын арнайы жұмыс киімдерінен бөлек тігін бұйымдарын жасауды қолға алған. Бүгінде цехта 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда қызметкерлер арнайы киімдер мен тұрмыстық бұйымдарды тігіп, сапалы өнім шығарып жатыр. Жұмысшылардың орташа айлық жалақы мөлшері 120 000 теңге. Кәсіпорында жылына 150 мың дана жаздық және 90 мың дана қыстық арнайы жұмыс киімдері тігіледі. Мұнда тігілген формалар еліміздің бірқатар өңірлеріне және Ресей мемлекетіне жөнелтіледі.
Аудан басшысы жұмысшылармен кездесіп, жұмыс жүйесін бақылады. Кездесу барысында кәсіпкерлік бағытындағы бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін айтып, жұмыстарына табыс тіледі.