– Өздеріңізбен келіссөздер жалғасып келеді. Ендігі кезекте нақты іске кірісіп, жобаны жүзеге асыратын сәт келді. Инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркиялық инвестор Түркістандағы өндіріс алаңдарымен танысқанын, жобаны жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Зауыттың құрылысын биыл бастауға ниетті.
Айта кетейік, түркиялық кәсіпорын 100-ден астам препарат өндіретін халықаралық деңгейдегі компаниялардың бірі. Өнімдері 50-ден астам елге экспортталады. Зауыт «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салынады деп жоспарланған.