Аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен қамтамасыз етілген арнайы дрон құрылғысының көмегімен Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Шоқтас елді мекенінде орналасқан Құрсай өзені бойында жер пайдалануға құқық беретін лицензия немесе келісімшартсыз жер қойнауының қыртысын бұзып кең таралған (құмды қиыршық тас) қазба байлықты заңсыз тиеп, алып бара жатқан төрт ауыр жүк көлігі анықталды.
Сонымен бірге Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Иба ата елді мекенінде жер қойнауын заңсыз пайдаланып жатқан екі ауыр жүк көлігі ұсталды. Аталған ауыр жүк көліктері мен дәлелдемелік заттар Сауран ауданында орналасқан арнайы айып тұрағына қойылды.
Заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты материалдар топтамасы жинақталып, олардың тиісті жауаптылығын қарастыру үшін процестік шешімдер қабылданады.